Су тасқыны салдарын жоюға қатысушыларды марапаттау Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Қызылжар ауданы әкімінің атынан Черкасс ветеринариялық пунктінің ветеринариялық фельдшері Е. С. Әлжанов алғыс хатпен, Аққайың ауданы әкімінің Алғыс хатымен Смирнов ветеринариялық пунктінің ветеринариялық фельдшері Т. Д. Нуркин, жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі операторлар А. В. Завадский, Б. Р. Муртазин марапатталды.
Су тасқыны кезінде Қызылжар ауданының тұрғындарына көмек көрсетуге қатысқан барлық мамандар өздерінің қызметтік борышын абыроймен орындап көрсетті, қойылған міндеттерді мінсіз орындады, осылайша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
27.05.2025
Қаралым саны: 26
Қаралым саны: 26