Кәсіпорын туралы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі — кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 "Ветеринария туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығының негізінде әрекет етеді, дербес теңгерімінде оқшауланған мүлкі, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі мен мөртаңбалары, фирмалық атауы бар заңды тұлға құқықтарына ие және дербес шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады.

Кәсіпорынның фирмалық атауы

мемлекеттік тілде: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Аққайың ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны.

орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Ветеринарная станция Аккайынского района» коммунального государственного учреждения «Управление ветеринарии акимата Северо-Казахстанской»

Кәсіпорынның заңды мекенжайы: 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Южная көшесі, 11 үй.

Кәсіпорынның құрылтайшысы және Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Кәсіпорынның балансында жұмыс кабинеттері бар кеңсе ғимараты бар.

Штат толық жасақталған, әрбір ауылдық округте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті атрибуттармен, құралдармен, арнайы киіммен және автокөлікпен қамтамасыз етілген және жабдықталған ветеринариялық дәрігерлер бар.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері мен қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Аққайың ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
  • қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
  • Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
  • ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну;
  • ветеринариялық анықтама беру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
  • биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері. 

Мақаланы құрған күні 01.02.2022 09:54

Мақаланы жаңартқан күні 18.02.2025 10:18