Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою мал сою пункттерінде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларға сәйкес келетін ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Мал сою алаңдарында жануарларды сою кезінде ветеринариялық дәрігер:
- союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық анықтаманың болуын тексеру;
- ауыл шаруашылығы жануарында жеке нөмірдің, ветеринариялық паспорттың болуын тексеру;
- ауыл шаруашылығы жануарларына термометрия жүргізе отырып, сою алдындағы ветеринариялық қарап-тексеру және ветеринариялық қағидаларға сәйкес ұшалар мен мүшелерді союдан кейінгі ветеринариялық қарап-тексеру, ұшаларды таңбалау;
Мал сою алаңында ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесінде алынған ұшалар мен органдар өткізер алдында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтеді.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін орындарда жануарлардан алынатын өнімдерді сату-рұқсатсыз, заңсыз және қауіпті болып табылады. Тек жүргізілген ветеринариялық-санитариялық сараптама мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Егер ет, балық немесе сүт өнімдері алдын-ала зертханалық тексеруден өтпесе, олар адам денсаулығы мен өміріне қауіпті аурулардың таралу көзі бола алады. Сатушылар көбінесе өз тауарларын ресми базарлардың жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жол бойында сатады. Көптеген сатып алушылар үшін бұл жағдай өте қолайлы және олар көбінесе сатушылардың өздерінің түйсігі мен адалдығына сүйене отырып, сол жерден өнім алады. Мұндай сатып алу денсаулыққа қандай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екендігі туралы адамдар көбінесе өздерінің қиын тәжірибелерінен біледі. Сапасыз және ластанған өнімді тұтыну тамақтан улануға да, өлімге де әкелуі мүмкін.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір сатып алушының тауар туралы ақпарат алуға құқығы бар (мал шаруашылығы өніміне ветеринариялық құжаттардың болуы). Ет пен ет өнімдерін сатып алатын орынды таңдауда абай болыңыз. Оларды базарлардан, жол бойындағы науалардан және азық — түліктің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық құжаттары (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды) жоқ жеке иелерден сатып алмаңыз.
Қаралым саны: 20