2025 жылы 05.12. аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан жұмысшыларын кәсіби мерекелерімен Аққайың ауданының әкімі Ж. П. Құсайын құттықтады.
Аудан әкімінің Алғыс хатымен көп жылдық және адал еңбегі, ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесі үшін және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты АВС ветеринариялық фельдшері О. В. Латыпова және Лесной ветеринариялық пунктінің ветеринариялық фельдшері М. С. Матяш – Власенко марапатталды.
11.12.2025
Қаралым саны: 13
Қаралым саны: 13

