Құрметті Аққайың ауданының тұрғындары!

Аққайың ауданының ветеринариялық станциясының ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына (аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, бруцеллезге зерттеу үшін қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және құлақ белгілерін ауыстыру (жоғалған немесе зақымданған кезде), сондай-ақ ІҚМ туберкулезге аллергиялық зерттеулер жүргізуге) жоспарлы күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізе бастағанын сіздің назарыңызға жеткіземіз.

Аққайың ауданының ветеринариялық станциясы ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне "Ветеринария туралы" ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етуге, ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәрдем көрсетуге міндетті екенін еске салады.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз.

21.08.2025
Қаралым саны: 10